Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы қазіргі Алматы
облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты
ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек
Қожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы
мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі
өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып
салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп
Жетісуға келген Біржан сал басынан амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемiтер бір міні жоқ
сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс
алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі
сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстетикалық
талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сараның 19 ғасырдағы қазақ халқының
болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ.
Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан — Сара» операсын жазды.
Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
1.Айтыс қандай мәселелерді қозғады?
2.Айтыс негізінде қазақ әдебиетінде қандай
туындылар дүниеге келді?
3.Екі ақынның арасындағы айтыс қағаз
бетіне қашан түсірілді?
4.Біржан Жетісу жеріне қандай мақсатпен
келді?
Answers & Comments
Ответ:
1)Айтыста қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесі, адамгершілік пен әділдік, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді.
2)Айтыс негізінде Қ.
Жұмалиевтің либреттосы бойынша М. Төлебаев «Біржан — Сара» операсын жазды.
3)1946ж.
4)Сарыарқадан Сараны жеңемін деген мақсатпен келді
Объяснение: