May 2022 1 37 Report
Біз бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ
мемлекеттік академиялық балалар мен жас-
өспірімдер театрының әртісі — Досқан Жол-
жақсыновпен кездесу өткіземіз. Кездесуді
біздің сынып ұйымдастырады. Бір апта бұрын
хабарландыру жаздық. Кеше оқушылар
кездесу өтетін залды безендірді.
Саша екеуіміз актер туралы слайд-фильм
дайындадық. Көрнекті әртістің өнері мен өмірі
жайлы қызықты деректер іздедік. Көркем
фильмдерден үзінділер алдық. Қызықты су-
реттер таптық.
Әнел мен Анна кездесудің сценарийін
дайындады. Өнерлі балаларды іріктеді. Концертті Ләйла апай жүргізді.
Кездесуде Досқан Жолжақсынов өзі таңдаған өнер саласы, актер
мамандығының қыр-сыры туралы сұрақтарға жауап береді. Досқан Жол-
жақсынов – актер ғана емес, өте шебер әнші ғой. Ол кісі домбырамен ән
салады. Кездесуден кейін әртіске еңбек сабағында жасаған сыйлығымыз-
ды ұсынамыз. Естелікке суретке түсеміз. Біздің көп тәжірибеміз жоқ, бірақ
кездесудің сәтті өтетініне сенемін.
Әне, әртістің өзі де залға кіріп келе жатыр...


2. Сұрақтарға жауап беріңдер.

- Кездесу кіммен өтеді?

- Кездесуді кім ұйымдастырады?

- Саша не істеді?

- Әнел мен Анна не істеді?

- Концертті кім жүргізді?

- Досқан Жолжақсынов кім?

- Кездесуден соң балалар не істеді
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.