Бұлшықет жүйесіне зақым келтіруі Мысалы, кез келген адам қандай да бір гаждетпен тапжылмай ұзақ ойнаса, бұлшықеттегі қан айналымы бұзылып, кейін аяқ-қолы ине шаншып жатқан сияқты шымырлап кетеді. Ал балалар үшін бұл өте қауіпті. Дәрігерлердің айтуынша, компьютер немесе планшет алдында ұзақ отыру енді дамып келе жатқан баланың бұлшық еті мен сүйектеріне кері әсер етіп, қозғалу мүмкіндігінен айырады және жиі бас ауруына шалдықтырады. Эмоционалды дамуға кедергі Психологтардың айтуынша, гаджеттерді көп пайдалану балаларды тәуелділікке алып келіп, олар бос уақытын тек компьютерлік ойындар мен бағдарламаларға арнауға тырысатын болады және «сүйікті» электронды құрылғысынан ажыраған балалар өздерін ыңғайсыз сезіне бастайды. Бұл факторлар бала психологиясы бұзылғанының айқын дәлелдері болып саналады екен.
перевод быстро