Баршамызға мәлім, Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланған ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы мазмұны терең, бағыты айқын, стратегиялық мәні ерекше құжат. Бұл Жолдау ел дамуының белгілі бір асуын бағындырып, келесі бір асуға бет бұрғанын айғақтайды.
Елбасымыз өзі атап айтқандай, мықты мемлекет жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен ерекшеленетін бұл Жолдау – болашаққа нық қадам жасайтын, Қазақстанның жаңа келбетін көрсететін, баршамызға жауапкершілік жүктейтін ел Президентінің халыққа арнаған он жетінші жолдауы екен. Әрбір Жолдау кемел Қазақстанмен, оның азаматтарының игілігі үшін қызмет етуде. Осыдан 15 бұрын Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы қабылданғаннан кейінгі жылдарда еліміздің экономикалық тығырықтан шығуына, өркендеп өсуіне, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуына жол ашты. Еліміз жиырма жылда жаңарған жасампаз қалыпқа жетті. Кез келген мемлекеттің дамуы қабылданған қажетті заңнамалардың негізінде жүзеге асатыны мәлім.
Ең алғашқы «Қазақстан - 2030» стратегиясындағы көрсетілген негізгі бағыттардың мерзіменен бұрын жүзеге асырылғанына баршамыз куә болып отырмыз. Қазақстанның аз уақыт ішінде қол жеткізген жетістіктерін әлем мойындады. Қадап айтар болсақ, басты жетістігіміз – тәуелсіз мемлекет құрғанымыз. Көпұлты, ынтымағы жарасқан елге айналдық. Еліміздегі өндірістік байланыстар орнықтырылып, нығайтылды. Сәулетіне салтанаты сай жаңға елорда – Астана бой көтеріп, төрткүл дүниені тамсандырып халықаралық қауымдастық «Экспо-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу орны ретінде таңдалып алынды.
Еліміз ықпалды халықаралық ұйымдарға төрағалық етті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосты. Өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан бірінші ел ретінде әлем тарихында танылды.
Answers & Comments
Verified answer
Баршамызға мәлім, Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланған ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы мазмұны терең, бағыты айқын, стратегиялық мәні ерекше құжат. Бұл Жолдау ел дамуының белгілі бір асуын бағындырып, келесі бір асуға бет бұрғанын айғақтайды.Елбасымыз өзі атап айтқандай, мықты мемлекет жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен ерекшеленетін бұл Жолдау – болашаққа нық қадам жасайтын, Қазақстанның жаңа келбетін көрсететін, баршамызға жауапкершілік жүктейтін ел Президентінің халыққа арнаған он жетінші жолдауы екен. Әрбір Жолдау кемел Қазақстанмен, оның азаматтарының игілігі үшін қызмет етуде. Осыдан 15 бұрын Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы қабылданғаннан кейінгі жылдарда еліміздің экономикалық тығырықтан шығуына, өркендеп өсуіне, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуына жол ашты. Еліміз жиырма жылда жаңарған жасампаз қалыпқа жетті. Кез келген мемлекеттің дамуы қабылданған қажетті заңнамалардың негізінде жүзеге асатыны мәлім.