Болашақтағы климат

Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар.

Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005 жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.

Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт континенталды Қазақстан үшін  орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан  температураның жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.

Инна Колтаевская

(186 сөз)

1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.

a) жаһандық_____________________

b) көлемі______________________

ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА
У МНЕ СРОЧНО НАДО ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.