«Болашақтың мамандықтары». Болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болады деп ойлайсыз? Себебі неде? Жаңадан қандай мамандықтар пайда болуы мүмкін? (7-8 сөйлем).
Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық түбірімен жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Өткен жылғы Давос экономикалық форумының баяндамасында 2020 жылы әлемдегі интеллект пен роботты техниканың дамуы нәтижесінде 2 млн жаңа жұмыс орны ашылатындығы, бірақ технологиялық жетістіктердің дәл осы мерзімде 7 млн-нан астам жұмыс орнын қысқартуға алып келетіндігі атап көрсетілді. Қазір мектеп қабырғасында жүрген оқушылардың 63 пайызы таяу болашақта бүгін заты түгілі, аты белгісіз мамандықтар бойынша жұмыс істейтін болады. Қысқасы, біз орасан зор технологиялық өзгерістер дәуірінің табалдырығында тұрмыз. Ендеше, ұрпағымыздың ертеңі біздің бұл құбылысты қаншалықты түсінгенімізге, балаларымызға болашақ мамандық таңдауда қаншалықты сауатты бағдар бере алатынымызға тікелей байланысты болмақ.
Answers & Comments