Айтпа ғылым сүйсеңіз», – деп жырлаған данышпан Абай атамыздың сөзі бар. «Менен жақсы мінез шықпайды», – деп адам өзін жұбатып, ақтап алуға тырысады. Абай айтқандай, болмасақ та ұқсап бағу керек. Бойымызда жақсы мінезді қалыптастырудың бірнеше жолы бар. Соның негізгілеріне тоқталайық.
Біріншіден, жүректі емдеу. Иманға көңіл бөлу. Себебі, адамда иман болмаса, істеген жақсылығының жалғасы болмайды. Өзегі қуыс ағаш секілді үдей соққан дауылға шыдас бермей, шорт кетіп сынған күйі жер жастана құлары сөзсіз. Өйткені, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Абай болыңдар! Адам денесінде бір кесек ет бар. Егер ол жақсарса, бүкіл дене жақсарады, егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Мұқият болыңдар! Ол – жүрек», – деген.
Жаман әдеттерден аулақ болу, бейәдеп сөйлемеу, дүниеге қатты қызықпау, нәпсіге бой алдырмау, күншілдік пен күпірліктен ада болу – жүректі емдеу жолдарының бірегейі.
Екіншіден, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) адамгершілік қасиеттеріне еліктеу. Әр істе Алла елшісін (с.ғ.с.) үлгі тұту. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Сендер үшін Алланың елшісінде көркем өнегелер бар» («Ахзап» сүресі, 21-аят). Тағы бір аятта: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» («Қалам» сүресі, 4-аят).
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік – оның айтқан сөзіне амал етуден басталады. Өзі жоқ болса да, сөзіне мән беріп, іс-әрекетін іске асыруға тырысып, оны өзімізге ұстаз тұтуды – ұстанымға айналдырғанымыз абзал.
Үшіншіден, ұдайы дұғада болу. «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады», – деген халық даналығы босқа айтылмаса керек. Жаратқаннан жақсы мінез сұрап, көркем мінез иесі болуға тырысуымыз тиіс. Қай жағынан алсақ та, үмбетіне үлгі болған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына дұғаны көп оқитын еді: «Ей, мейірімділердің мейірімдісі Аллаһым, мейіріміңнің хақы үшін денсаулық, амандық, аманатқа мұқият болуды, көркем мінезді болуды және тағдырыңа риза болуды нәсіп ет!».
Төртіншіден, кез келген адам туралы жақсы ойда болу. Кемшілігін көруге асықпау. «Адам танымағанын сыйламас», – демекші, кемшілігіне көз жеткізбей, айыбын ашуға асықпауымыз керек. «Білмей жатыр ғой, түсінсе бұлай істемес еді» деген оймен ол адамды жөнге салуға атсалысуымыз қажет.
Бесіншіден, адамдармен қарым-қатынас кезінде жақсы мәміледе болу. Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Қайда болсаң да Алладан қорық, жаман істен кейін оны жоятын жақсы іс істе және адамдармен қатынас жасағанда жақсы мінез-құлық таныт», – деген өсиетін ұдайы жадымыздан шағырмаған жөн.
Алтыншыдан, жақсы адамдармен жиі араласу. Олардың насихатын тыңдау. Себебі, адам пендешілікке салынып, ұмытып кетуі мүмкін. Көркем мінездің артықшылығын көп еске түсіру – адамды жаманшылықтан сақтайды.
Answers & Comments
Ответ:
лайк басшы ерінбей жазғаным үшін
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,