Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы: Көнбеді ешкім. сөзіме Әдетіне қарысып (А) Болымсыздық есімдіктердің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері зат есімнің орнына, ешқандай, ешбір дегендері сын есімнің орнына, ешқашан, ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік, мекендік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады.
Мысалы: Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? (А). Ашық мінез, ақ маңдай, Менмендік жоқ ешқандай (қазақ әндері). Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге каратпа, кісіге каратып ойнап оқтама (Ш. Айманов).
Answers & Comments
Ответ: