Қазақ халқы сөзге шешен, сөз құдыретін қастерлеп келген халық. Сол себептен әр ата-ана «балам шешен болсын, тез сөйлеп кетсін» деген оймен, баланың жылдам сөйлеп кетуін қалайды. Бала жарты жылға жақындағанда, оның ата-анасы құлағына әуендерді қайталап, неше түрлі өлеңдер айтады. Сәби ең алдымен «апа, ата» дегендей сезіледі. Кейін жаңа сөз айтуға шамасы жеткенде «тілі тез шықсын» деген ниетпен, қазақтың көне ғұрпы бойынша «Тілашар тойын», тілеуін жасайды. Бұл тілашар тілеуге тілек тіленіп, тілеу малы сойылып, ауыл аймақтық қадірлі, шешен, кемеңгер, ұшқыр тілді, данышпан, сөз ұстасы, адамды арнайы таңдап, «тілашар» тойына шақырады. Тойға келген ақсақал қадірлі адам қойдың сыбағалы басын кесіп, оның тілі «тез шықсын, шешен бол» деп тілді балаға жегізеді. Қойдың ішегімен «баланы буындыру» рәсімін істеп «сөйлейсің бе?» деп үш рет сұрақ қойып, шешесі мен бүлдіршіннен «сөйлейміз» деген серт, уәде алады. Бүлдіршінге қариялар, тойға жиналғандар «Жиреншедей шешен бол, сандуғаштай сайрап кет, бүлдіршіннің тілі тез ашылсын» деген тілек айтып тарайды. Ары қарай баланың тілінің қалыптасуына ауыл адамдарының бәрі көңіл бөліп «тіл ұғуға» үйретеді. Келе келе қазақтың әңгіме ертегісі, әдепті сөздер, мал, аң құс атауларына дейін ұқтыра бастайды. Тілашар тілеуді кейін бүлдіршіннің оқу оқыған кезінде, алғаш «әріп танып», әріп оқып, сабақ оқи бастағаны кезінде де істеледі. Бұл «тілі шыққан» баланың оқудағы «тілашары» болмақ. Бұл дәстүр қазір «әліппе тойы» деп аталуда.
«Тілашар» тойыҚазіргі кезде тілашар тойын мейрамханаларда тойлайды. Мейрамханаға қонақтарды шақырады. Тойға баланың жақындары, жекжаттары, туыстары шақырылады. Келген кісілер балаға неше түрлі сыйлықтар алып келеді, баланы құттықтайды. Той арнайы сценарий бойынша өтеді. Біріншіден баланы таққа отырғызып, алып келеді. Кейін тойға келгендердің ішінде ең үлкені бата жасайды. Баланың ата анасы асабаны жалдайды. Тілашар тойын өткізу үшін, арнайы ұйымдарға тапсырыс береді. Ұйымдағы кісілер келіп, тойды өткізіп, ұйымдастырады. Олар тойды бейнетаспаға түсіріп, естелік ретінде сақтап, баланың ата-анасына береді. Тойда балалар ән айтады, би билейді, тілек айтады, неше түрлі ойындар ойнайды. Той осылай қызық болып өтеді. Кейін бала бірінші сыныпқа барады.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
Білмейм дурыспа мен солай ойлаймын просто.