Мәтінді оқып,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
Тараз-Талас өзені бойында орналасқан тарихи қала. Ол V ғасырға дейін салынған. 2000 мың жылдық тарихы бар. Оның даму жолдарының құпиясы мен сыры көп.
Әр қаланың өзінің ерекше бойтұмары болады. Тараздың бойтұмары-Карахан мен Айша Бибі күмбездері.Аңыз бойынша,Айша Бибі Түркістанда жас батыр Караханмен кездеседі.Бірін-бірі ұнатқан екі жас үйленуге келіседі. Жаугершілік заман болғандықтан,елін,жерін қорғап шайқаста жүрген Қарахан уәделі мерзімде Айша Бибіге бара алмай қалады.
Арада біраз уақыт өтеді. Айша Бибі Қараханның мекені-Тараз қаласына бару үшін қасына күтушісін ертіп,жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп,Таразға жетеді. Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап,сол арада суға түсіп,біраз демалмақ болады.Ұзақ жолдан шаршаған жас ару маужырап ұйқыға кетеді.Осы кезде оны даланың улы жыланы шағып алады.
Қарахан батыр естіп,емші мен молданы әкеліп некесін қидырады. Қайғырған Қарахан сүйіктісіне арнап,әсемдеп күмбез орнатады. Қанша уақыт өтсе де,сол күмбез екі ғашықтың махаббатының өшпес белгісі болып тұр.
1-тапсырма
Мәтінгі ат қойыңыз..................................................................................................... 1балл
2-тапсырма
Мәтінге байланысты сөйлемді табыңыз.
А. Кітап туралы
Ә. Сауда туралы
Б. Екі ғашық туралы
В. Ұлы Жібек жолы туралы 1 балл
Айша Бибі қасына ... ертіп жолға шықты.
А.досын
Ә. анасын
Б. құрбысын
В. Күтушісін 1 балл
3-тапсырма
Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз.( + белгісімен белгілеңіз) 2 балл
Ақпараттар
Дұрыс
Бұрыс
Бұл аңыз Өскеменде болған деседі
Карахан батыр ғашығына күмбез орнатты.
Жазылым
1-тапсырма
Мына төмендегі етістіктерді жедел өткен шақта жіктеңіз 3 балл
( жазу,ойнау,бару)
2-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз
Сауда...,құнды..,ежелгі..(қала,жолы,сыйлық) 2 балл
СРОЧНО!!!
Answers & Comments
1. Күмбез аңызы
2.
Б
В
3.тапсырма
Бұл аңыз Өскеменде болған деседі - бұрыс
Карахан батыр ғашығына күмбез орнатты - дұрыс
Жазылым
1 тапсырма
Жазу - жазып
Ойнау - ойнап
Бару - барып
2 тапсырма
Сауда жолы, құнды сыйлық, ежелгі қала.