Төрт түлік малдың түрлері

Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Қайда болмасын бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ "мал-жан аман ба?" деп амандық-саулық сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса ‒ көлік, жесе ‒ ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйе жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған.

Қазақтың қасиетті малдарының бірі ‒ жылқы. Жылқы малын аса жоғары бағалаған. Жылқы сүтінен қымыз дайындайды. Қымыздың адам денсаулығына пайдасы өте мол.

Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған. Ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. сүттен әзірленетін тағамдар осы сиырдың берген берекесі болған.

Қой ‒ төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі деуге болады. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болған. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланған.


1.Мәтіндегі ақпаратты дұрыс (+)/бұрыс (-) шартты белгілерімен ұсыныңыз.

2 балл


№ Мәтіндегі ақпарат Дұрыс (+) Бұрыс (-)

1 Жылқы сүтінен қымыз дайындалады

2 Ешкінің сүті аса құнарлы емес

3 Жылқы малы қырық күн шөлге шыдамды

4 Түйе жүнінен жасалатын шекпендер жеңіл әрі жұмсақ
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.