Туұлы Бумын қаған (? – 552 ж.) - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Түрік қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі.
mratkyzyjgerim
Бумын (кытай жазбаларында Ту-мынь кахань) (т.ж.б. — 553 ж.) — Түрік қағандығының негізін қалаушы қаған (542 - 553 жж. билік еткен), Ашина тайпасынан шыққан. Ашина тайпасы VI ғасырдың ортасына дейін жужандардың қоластындағы Темір кенін өндіріп, соларға қару-жарақ соғумен айналысатын бодан ел болған. Түркілердің басшысы болған әкесі өлгеннен кейін, VI ғасырдың ортасынан бастап мұрагерлік жолмен Бумын таққа отырады.
mratkyzyjgerim
Қытай жазбаларында Тумын қаған, түркі ескерткіштерінде Бумын қаған деп атайды. Бумын қаған түркілердің басын біріктіріп, Түрік қағандығын құрады. Бумынның тұсында түркілер әскери жағынан күшейіп, Қытайдың Чжоу мемлекетімен сауда қатынасын орнатады. 545 жылы Вэй империясы оларды мойындап, елші жібереді. 546 жылы Тұрфандағы телілердің бір бөлігін бағындырады.
mratkyzyjgerim
552 жылы Бумын қаған бастаған түрік әскерлері жужандармен соғысып, жеңіске жетеді. Осыдан бастап түркі жұрты Алтай өңіріндегі солтүстік қыр өлкесінің қожасына айналады. Бумын қаған «елхан» лауазымын алған соң көп ұзамай қайтыс болады. Таққа баласы Қара Ыссық хан келеді.
Answers & Comments
Туұлы Бумын қаған (? – 552 ж.) - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Түрік қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі.