Шығыс Рим империясының Батыстан бір ерекшелігі – Византия халықтарының бәріне бірдей ортақ әрі міндетті заңдар мен құқықтар негізінде өмір сүруі болды. Юстиниан билігі кезінде жазылған «Азаматтық құқықтар жинағы» - византиялық заң шығарушылық ой-пікірдің жетістігі. Ол зандар императордың шексіз билігін, құл иеленушілік құрылысты нығайтуды, меншік құқын қорғауды көздеді. Сондай-ақ жеке меншікті корғау, мұрагерлікті реттеу, отбасы құқын сақтау, сауда-саттықты дамыту жолдары тұжырымдалды. Юстиниан заңдары император билігін, Империяны басқаруды нығайтты, экономиканың дамуына үлес қосты.
ВЫЫЫ-ЫХ ғасырларда Византияны иконға қарсы күрес әлсіретті. Ол күрес халық бұқарасының шіркеу байлығына, дінбасыларының бұзылғандығына қарсы наразылығын білдірді. 843 жылы иконға табынушылық кайта қалпына келтірілді. Сөйтіп, иконға қарсы күрес нәтижесіз аяқталды.
ВЫЫ ғасырдың аяғында Византия васислевстерінің қолында Юстиниан тұсындағы державаның үштен бірі ғана қалды. Осы кезде Византия құл иеленуші империядан феодалдық мемлекетке айнала бастады. Империядағы феодалдық қатынастар Х-ХІІ ғасырларда түпкілікті орнады.
Answers & Comments
Ответ:
Византия империясының күшею себебі: