Қазақстан ата-бабамыздың мекен еткен ежелгі қонысы.Елімізде сан түрлі ұлттардан құралған ұлт өкілдері қоян-қолтық еңбек етіп,тұрып жатыр,яғни біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты , мәдениет пен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Біз бүгінде бүкіл әлем , қызыға да, қызғана да көз тігіп отырған тәуелсіз мемлекетпіз. Осы тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қаншама қиындықты бастан өткерді. Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихы Евразияның ұлы көшпенділер өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз.Батыстан шығысқа, шығыстан батысқа Қазақ даласы арқылы , Үндістан мен Иранға, Еділ мен Кавказға, Европа мен Қытайға, Қырымға арийлер, ғұндар, сақтар, түркілер, қыпшақтар, маңғолдар ағылды.Олардың бәрі де осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды. Алайда, тағдырдың талқысымен қазақ елі дербестігінен айырылып, Ресей империясының құрамына енді. Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады. 1930-жылдардан бастап , тоталитарлық жүйе халқымыздың тілі мен өмір салтына , тарихы мен мәдениетіне орасан зор зиянын тигізді. Одан кейін нәубәт шалған ашаршылық заман қойдай жуас халқымыздың есігін керіп тұрды. Қазақта «Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды»,- дейді.Тарихқа жүгінсек кеше ат үстінде жүрген қазақ дүниені дүр сілкіндірген зор замандарда торда қамалған торғайдай халқы үшін «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»-жоқ деп желтоқсан талқанында бел шешіп күрескен.Ызғары ерте түскен сол қыстың қаһарлы күндерінде әділетсіздікпен бетпе-бет кездескен , әлі буыны да қатып үлгермеген марқұм Сабира , Ләззат , Қайрат сынды жастар қаншама еді. Ия, еліміздің тәуелсіздігі үшін бұлар не көрмеді? Ләззат сияқты қаракөз қыздарымыздың шашынан тақымға іліп көкпардай сүйресе,осы дүрбелеңнің салдарынан аяусыз соққыға ұшыраған Қайрат Қорлай да беріп қайтадан, Бөтен қолда кетпесін,-деп өзінен кейінгі бейкүнә ұрпақ өкілдеріне ұрандата кетті.Жас өмірдің қаншама қыршын гүлдері қиылып түсті.Тәуелсіздіктің азабын өздері тартап , ғажап күндерін бізге сыйлап кетті.
Answers & Comments
Ответ: