Су көлігі - энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі.
Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Кеме жасауға жұмсалатын көптеген материалдардың тығыздығы тұщы және теңіз суының тығыздығынан едәуір үлкен. Бірақ кез келген кеме үшін жүзудің негізгі шарты орындалады: кеменің суға батқан бөлігі ығыстырып шығарған судың салмағы кеменің жолаушыларымен, отынымен, тетіктерімен және басқа құралдарымен қоса есептегендегі салмағына тең болады. Кеме суда орнықты және қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін ғана суға батуы тиіс. Кеменің суға бататын тереңдігі шөгім деп аталады. Рұқсат етілетін шөгім кеменің қорпусында қызыл сызық - ватерсызықпен белгіленеді. Кеме суға ватерсызыққа дейін батқанда, кеменің жүгімен қоса есептегендегі салмағына тең ығыстырылған судың салмағы су ығыстырым деп аталады. Әдетте су ығыстырымды күш бірлігімен белгілейді. Алайда көбінесе су ығыстырымға салмақтың орнына ығыстырылып шығарылған судың массасы алынады (жүгі бар кеменің массасы) және оны тонна арқылы өрнектейді. Кеменің ватерсызықтан төмен батуы өте қауіпті. Су палубадағы люктар арқылы трюмдарға еніп, ал бұдан кеме суға батып кетуі мүмкін. Егер ватерсызық су деңгейінен жоғары болса, яғни кеме суға жеткілікті дәрежеде батпаса, онда кеме сапарға шықпауы тиіс, толқындар оны теңселтіп, аударып тастауы мүмкін.
Answers & Comments
Ответ: