Сөйлемдегі ойға тікелей қатысты, бірақ ондағы мүшелермен грамматикалық байланысы жоқ, сөйлем мүшесі болмайтын сөздер оқшау сөздер деп аталады.
Қазақ тілінде сөйлем мүшелерімен грамматикалық байланысы жоқ оқшау сөздер қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз болып үш негізгі топқа бөлінеді.
Обособленные слова - слова и фразы, отличающиеся голосовым ритмом, без синтаксической связи с другими словами в предложении. Виды обособленных слов: обращение, вводное слово и междометие.
Қаратпа сөз
Сөздің кімге айтылып тұрғанын көрсететін, тыңдаушының назарын аудару үшін қолданылатын сөйлемдегі оқшау сөзді қаратпа сөз дейміз.
Мысалы: Жолдастар, еңбек пен оқуды ұштастыра біліңдер! Сендер оқымағанда, кім оқиды, немерелерім. Балалар, аманбысың, шырақтарым, Майысып көлге біткен құрақтарым.
Қаратпа сөздер сөйлем мүшесі болмайды, ондағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді.
Қыстырма сөз
Сөйлемдегі ойға сену, күмәндану сияқты түрліше мағына қолданылатын оқшау сөздер қыстырма сөз деп аталады.
Жаздың ыстығында жауған жаңбыр пайда емес деген сөйлемге әрине, сірә деген қыстырма сөздерді қатыстырып көрейік:
Әрине, жаздың ыстығында жауған жаңбыр пайда емес.
Сірә, жаздың ыстығында жауған жаңбыр пайда емес.
Сөйлемдегі ойға әрине деген қыстырма сөз арқылы сенім білдірілсе, сірә деген қыстырма сөз арқылы жорамал, болжал жасалған.
Қыстырма сөз де, басқа оқшау сөздер сияқты, сөйлемдегі сөздермен грамматикалық жолмен байланыспай оқшау тұрады, сондықтан сөйлем мүшесі де бола алмайды. Сөйлемдегі айтылған ойға мағыналық трлі өң береді.
Қыстырма сөздер мағынасына қарай мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
Сөйлемдегі ойды қуаттау, растау, сендіру үшін қолданылатын сөздер: әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, дау жоқ, жасыратыны жоқ, шынын айту керек, өзіңізге белгілі, шынында, расында т. б.
Мысалы: Әрине, шебер боксшы болу үшін оған көп әзірлену керек. Шынын айтқанда, біз қателігімізді қазірден-ақ таптық.
Сөйлемдегі ойға жорамал, болжал жасау, себеп, деректер іздестіру тұрғысында айтылатын сөздер: сірә, мүмкін, шамасы , асылы, тегі, меніңше, біздіңше, байқаймын, дәу де болса, кім білсін, менің байқауымша, оның айтуына қарағанда, неліктен екені белгісіз, оның пікірі бойынша т. б.
Мысалы: Шамасы, бұл сол кездегі қарауыл тұратын күзет орны болса керек. Меніңше, озат іс білімнен туады.
3. Алдыңғы айтылған ойларға қорытынды жасау, сүйену, кейінгі оймен байланыстыру үшін жұмсалатын қыстырма сөздер: қысқасы, сөйтіп, демек, қойшы, сонымен, ақырында, әйтеуір, мысалы, мәселен, ендеше, сайып келгенде, жалпы алғанда, қорыта келгенде т. б.
Мысалы: Демек, әр жаңа жылдың өз жаңалығы, өз жақсылығыбар. Ақырында, синтетикалықжолмен плазмохин деген зат жасалынды. Қысқасын айтқанда, малды қолдан ұрықтандыру жолымен малдың өнімділігін тезірек жақсартуға болады.
4.Көңіл күйіне, сезімге орай айтылатын қыстырма сөздер: амал қанша, несін айтасың, абырой бергенде, ісің сәтті түсіп, бақытымызға, бәсе, айтпақшы.т.б.
Мысалы: Амал не, бұл жай басқарма басшыларының ойына келер емес. Істің cәті түсіп, қырманға бара қалдық. Б ақытымызға , көп кідірмедік.
Айтылған ойдың дәлелін (себебін) санап көрсететін қыстырма сөздер: біріншіден, екіншіден, үшіншіден, бір жағынан, екінші жағынан т.т.
Мысалы: Бұл бірінші жағы болса, екіншіден түсті металлургияда күкірт қышқылын өндіру экономикалық жағынан да тиімді.
Одағай сөз.
Сөйлем мүшелерімен грамматикалық байланысы жоқ оқшау сөздердің бір түріне одағай сөз жатады.
Одағай сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқармағанмен, ондағы ойға қатысты көңіл күйін, ішкі сезімді білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Апырау, беймезгілде, бейсауат жүрген кім болды екен бұл? Апырай, Ә! Ал енді соншама жерді егін шаруашығына неге пайдаланбаймыз?
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
ОҚШАУ СӨЗДЕР.