Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқындағы “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Мен даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды. Ауыл ішінде негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. Жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық некенің ең қатты сақталатын түріне жатады. Фольклордағы ғашықтар Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр осы дәстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына кесілген. Мұны басқа мәдениеттер тұрғысынан қатыгездік деп те бағалауға болады. Алайда, рулық экзогамияның жағымды жақтары да айқын. Осындай некелік қатынастар аралары жүздеген-мыңдаған шақырым ауылдарды бір-біріне жақындатты, туысқан етті. “Құда — мың жылдық” деген ұғым осыдан пайда болған. Қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы да осыдан. Ауылдар арасындағы ынтымақтастықтың артуы этностық тұтастықты нығайтып, бүкіл ұлт адамдарын бір әулет сияқты туыстастырды
Answers & Comments
Ответ:

Ауыл - шағын шаруалар поселкесі.