CРОЧНО 60 БАЛЛОВ
ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Кірме сөзді көрсетіңіз:

А) дәптер; В) орындық; С) сандықша; Д) әкел; Е) оқулық

2. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз:

А) толымды сөйлем; В) халық шығармалары; С) талағы тарс айрылу

Д) нақты мәлімет; Е) орнына келу

3. Жай септеу үлгісіндегі сөздерді белгілеңіз:

А) арнасында; В) қасына; С) арымның; Д) балалықтың; Е) кезегімен

4. Етістіктен жасалған сын есімді табыңыз:

А) сыртқы; В) толық; С) кешкі; Д) тершең; Е) көгілдір

5. Қашанғы? Қайдағы? – қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?

А) бастауыш; В) баяндауыш; С) анықтауыш; Д) толықтауыш; Е) пысықтауыш

6. Синонимдік қатарды табыңыз.

А) Ақ, ауыл, айшылық; В) Сұлу, қайың, бурыл; С) Уағыз, әлем, терең;

Д) Уәде, серт, ант; Е) Толық, тұман, жеңіл

7. Антонимдік жұпты табыңыз.

А) Биік- терең; В) Үлкен- алып; С) Алғыр-шешен; Д) Қиын-ауыр; Е) Күйлі-көтерем

8. Термин сөзді табыңыз.

А) Толықтауыш; В) Қызыл; С) Баяу; Д) Бағдаршам; Е) Қылқалам

9. Қазақ тілінің үндестік заңына бағынбайтын сөздерді көрсетіңіз.

А) Жұмысшы, дәрігер; В) Мекеме, әкім; С) Құрмет, қызметкер; Д) Жазушы, егін

Е) Жүзім, үкім

10. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

А) Добымыз; В) Ашса; С) Табыңыз; Д) Қара ала; Е) Тұзсыз

11. Сөз тудырушыжұрнақтытабыңыз.

А) Бірге; В) Екеуле; С) Ботақан; Д) Кең маңдайлы; Е) Тыңайтқыш

12. Сапалық күрделі сын есімді табыңыз.

А) Үлгілі; В) Сап- сары; С) Епті Д) Биязы Е) Бойшаң

13. Болжалдық сан есімді табыңыз.

А) Үш жарым В) Төртеу С) Алпыс Д) Жиырмадай Е) Бесеуден

14. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.

А) Оның әжесі көп ертегі білетін. В) Көп жылдық қарт еменнің еш жапырағы қалмапты. С) Олар ертелі- кеш еңбек етіп жүр. Д) Інісі мектеп бітіргелі жатыр.

Е) Мұсаның атасы ұста болған.

15. Тек тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлем түрі.

А) Жақсыз В) Атаулы С) Толымды Д) Жалаң Е) Жайылма

16.Бірыңғай еріндік дауысты дыбысы бар сөзді табыңыз.

А) әуежай В) салмақ С) оқушы Д) тоғай Е) төгу

17.Болжалдық сан есімді анықтаңыз:

А) он-оннан В) бір жарым С) тоқсан Д) қырық шақты Е) төртінші

18.Сілтеу есімдігін табыңыз:

А) Мен елімді сүйемін. В) Қайсысы сіздікі?С) Өз тіліңді құрметте.Д) Біреуге зиян келтірме. Е) Осыны ұғып алғын.

19.Тұйық етістікті табыңыз:

А) Білімді мыңды жығар. В) Болашағын ойлау керек. С) Бұл жерге бұрын келген.

Д) Көз жасын көрсетпеді. Е) Тілегің орындалсын.

20.Түбір сөзді көрсетіңіз:

А) жүз В) қырсыз С) оқырман Д) сулы Е) қазб

21.Зат есімді табыңыз:

А) ғажайып В) біреу С) кейін Д) жиын Е) мәселен

22.Қосарлама қос сөзді белгілеңіз:

А) қап-қара В) орынды-орынсыз С) қайта-қайта Д) осы-ақ Е) алыс-жақын

23.Сапалық сын есімді көрсетіңіз:

А) ұста В) жасанды С) сегіз Д) тар Е) шаң

24.Күшейткіш буын арқылы жасалған күшейтпелі шырайды табыңыз:

А) көгілдір В) көкпеңбек С) көк Д) көкшіл Е) тым көк

25.Неологизм дегеніміз не?

А) мағынасы түсініксіз сөздер В) қолданысқа жаңадан енген сөздер

С) қолданыстан шығып қалған сөздер Д) басқа тілден енген сөздер Е) аудармасыз қолданылатын сөздер

26.Барыс жалғаулы сөзді көрсетіңіз:

А) тәжірибем В) журналынан С) шеге Д) базарда Е) әкесіне

27.Атаулы сөйлемді көрсетіңіз:

А) кең зал В) үй жап-жарық С) дала жазық Д) тұрмыс жақсарды Е) зал кең

28.Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз.

А) аққу В) техника С) шеше Д) шөлейт Е) шекара

29.Жедел өткен шақты белгілеңіз:

А) жинайдыВ) жиған С) жиындыД) жинадыЕ) жояды

30.Жақсыз сөйлемді табыңыз:

А) Оның жақсы оқығысы келеді. В) Қызарып атқан таң. С) Ауылдан сөйлесіп тұрсыз ба? Д) Не ексең, соны орасың. Е) Өнер алды – қызыл тіл.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.