Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әртүрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі
бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім;
екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік.
Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі
1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр;
Answers & Comments
Ответ:

2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр.