Сөз түрлендіруші жұрнақтар – өзі қосылған сөздің лексикалық мағынасына еш өзгеріс енгізбейтін, тек қандай да бір грамматикалық мағына жамайтын қосымшалар. Сөз түрлендіруші жұрнақтар белгілі бір сөз таптарының аясынан шықпайды, өзі жалғанатын сөз табының парадигмалық түрлену жүйесін құрайды. Мысалы, заттың әр түрлі реңкін білдіретін рең мәнді жұрнақтар тек зат есімдерге, шырай жұрнақтары тек сын есімдерге, шақ, рай тұлғалары тек етістіктерге қосылады, сол сөз таптарына тән құбылыс болып табылады. Сондықтан сөз түрлендіруші жұрнақтардың мәселесі – таза морфологиялық, оның ішінде сөз таптарының түрлену жүйесіне қатысты мәселе болып шығады. Сол үшін сөз түрлендіруші жұрнақтар тақырыбын дұрыс меңгеру үшін сөз таптарының грамматикалық және лексика-грамматикалық категориялары туралы теориялық біліммен толықтырып алған жөн.
Сөз тудырушы жұрнақтар мен сөз түрлендіруші жұрнақтардың өзі қосылған сөзге үстейтін мағыналарына салыстыру жасап көрейік. Мысалы, Биыл көлшіктің суы жылдағыдан мол көрінеді. Ұстаздары Сәрсенді кластағы ең білімді, ең сөзшең бала деп есептейді. Көлшік сөзінің құрамындағы -шік жұрнағы көл сөзінің лексикалық мағынасына еш өзгеріс енгізбеген. Атап айтқанда, көл сөзінің лексикалық мағынасы – «табиғи немесе жасанды су қоймасы». Көлшік сөзі «шағын көлемді табиғи немесе жасанды су қоймасы» деген ұғымды білдіреді. Ендеше -шік жұрнағы арқылы өзі қосылған сөзге заттың көлемі, аумағына қатысты грамматикалық мағына жамалған. Бұл – таза грамматикалық мағына. Олай болса, -шік – сөз түрлендіруші жұрнақ, өйткені ол сөздің лексикалық мағынасын өзгерткен жоқ («табиғи немесе жасанды су қоймасы» деген лексикалық мағына –шік жұрнағы қосылғаннан кейін де сақталып қалды), тек көлемі, аумағына қатысты мағына ғана үстеді. Дәл осы сияқты көрінеді сөзінің құрамындағы -ін және -е жұрнақтары да сөздің лексикалық мағынасына өзгеріс енгізбей, тек грамматикалық мағыналар жамаған. Атап айтқанда, көр етістігі тура лексикалық мағынада емес (тура мағынасы – «көз арқылы сезіну әрекеті»), ауыспалы мағынада, «сана арқылы түйсіну әрекеті» (байқау, аңғару, сезу сөздерінің лексикалық мағыналарына сәйкес) деген мағынада жұмсалған, -ін өзгеліс етіс жұрнағы қосылған көрін нұсқасында, «сана арқылы түйсіну әрекеті» субъктінің (көру әрекетін жасаушының) ырқынан тыс жасалғанын білдіретін мағына жамалған, -е көсемше жұрнағы қосылғаннан кейін, субъектінің ырқынан тыс жасалған «сана арқылы түйсіну әрекеті» ауыспалы осы шақта жүзеге асқанын білдіретін мағына үстелген. Яғни, сөздің лексикалық мағынасы («сана арқылы түйсіну әрекеті») оған ырықсыз етіс жұрнағы мен көсемше жұрнақтары қосылғаннан кейін де еш өзгермеген, ендеше аталған жұрнақтар да сөз түрлендірушілердің қатарынан орын алады. Ал екінші мысалдардағы сөздердің құрамындағы жұрнақтардың табиғаттары басқаша. Білімді сөзі үш морфемадан құралған, мұндағы әрі түбір морфема, әрі түбір сөз – біл, лексикалық мағынасы – «қандай да бір құндылықтар туралы мәліметтерді жинау, есте сақтау әрекеті». Білім сөзінің лексикалық мағынасы - «оқу, тоқу, тәжірибе арқылы жиналған рухани құндылық». Біл мен білім сөздерінің лексикалық мағыналары бір біріне байланысты, өзара семантикалық тұрғыдан ұштасқан, бірақ бір лексикалық мағына емес, ендеше -ім жұрнағы – сөз тудырушы жұрнақ. Білімді сөзінің лексикалық мағынасы – «оқу, тоқу, тәжірибе арқылы жиналған рухани құндылықтарға ие» немесе «адам бойындағы оқу, тоқу, тәжірибе арқылы жиналған рухани құндылықтардан тұратын қасиет». Бұдан көрінетіні: -ді жұрнағы да – сөз тудырушы жұрнақ. Сөзшең сөзінің құрамындағы -шең жұрнағы да – сөз тудырушы. Өйткені сөздің лексикалық мағынасы – «лексикалық және грамматикалық мағынасы бар, дыбыстық құрамы тұрақталған тілдің бірлігі» немесе «сөйлеу әрекетінде пайдаланылатын тілдің (сөйлеудің) бірлігі». Ал сөзшең – «адам бойындағы көп сөйлеуге бейім қасиет». Есептейді сөзінің құрамындағы жұрнақтарға келер болсақ, оның бірі (-те) – сөз тудырушы, екіншісі (-й) – сөз түрлендіруші. Атап айтқанда, есеп сөзі де ауыспалы лексикалық мағынада жұмсалған (тура мағынасы – «сандарды пайдаланып жүзеге асырылатын логикалық әрекеттің нәтижесі», ал одан туындайтын есепте сөзінің лексикалық мағынасы – «сандарды пайдаланып жүзеге асырылатын логикалық әрекет»), мысалдағы нұсқада «сандарды пайдалану» семасының ізі де байқалмайды, бұл жерде есеп сөзі «жалпы логикалық әрекеттің нәтижесі» деген лексикалық мағынада жұмсалған, соған орай есепте «жалпы логикалық әрекет» мағынасын беріп тұр. Ал -й көсемше жұрнағы өзі жалғанған сөзге есептеу жалпы логикалық әрекетінің ауыспалы осы шақта жүзеге асқанын білдіретін мағына үстеген.
Answers & Comments
Ответ:
Лар, лер, тар, тер, дар, дер, та, те
Verified answer