Дам 35 баллов. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез- құлқын,қасиеттерін,ерекшеліктерінкөрсетеді. Қазақ-салт-дәстүргебайхалық. Қазақ халқына бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ отбасындағы ең үлкен қуаныш – нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың өмірге келуін ерекше күткен. Себебі, қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады. Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс болып тойлаған.
Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында ата-анасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған.
Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым- қатынастары еліміздің Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да ата-аналары қартайғанда, қамқорлық жасауға міндетті.
1. Мәтінде қазақ халқы не үшін ерекше шаттанған?
A. бауырмалдық үшін
B. қонақжайлық үшін
C. ұрпақ жалғастығы үшін
D. сәбидің дүниеге келгені үшін
2. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
A. үлкенді сыйлау
B. баланың өмірге келуі
C. қазақтың салт-дәстүрі
D. қазақтың қонақжайлылығы
3. Қазақ халқының ең бір қадірлі дәстүрін көрсетіңіз. A. кішіге ізет
B. үлкенді сыйлау
C. қыз балаға құрмет
D. мәдениетін құрметтеу
Answers & Comments
Ответ:
1. Мәтінде қазақ халқы не үшін ерекше шаттанған?
D) сәбидің дүниеге келгені үшін
2. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз
C) қазақтың салт-дәстүрі
3.Қазақ халқының ең бір қадірлі дәстүрін көрсетіңіз. A. кішіге ізет
B) үлкенді сыйлау