Дам все баллы ,честно,только быстро.Срочноо.Составить 3 вопроса

Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер мамандығына сұраныс төмендейді. Бұл үдеріс басталып та кеткен және алдағы 15-20 жыл ішінде еңбек нарығында өзгерістер орын алады.
Құрылысшылар мен жұмысшыларды алмастыратын — 3D принтерлер мен роботтар. БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігінің орнын баспақ. 3^ принтерлер құрылысшылардың 50%-ын жұмыссыз қалдырады.
Кеңсе қызметкерлерінің орнына мәселелердің шешімін тауып, адамға қарағанда жұмысты жылдам әрі тиімді атқаратын ақылды компьютерлік жүйелер келеді.
Мамандардың сөзінше, «қауіп тобынан» кез келген мамандық орын алуы мүмкін. Роботтар мен компьютерлік бағдарламалар адвокаттар мен директорларды да оп-оңай алмастыра алады. Тәжірибе жүргізу мақсатында құралған құқықтық робот АҚШ-та жұмыс істеуде. Тәжірибені сәтті деуге де болады. Уақыт өте келе роботтар дамудың стратегиялық жоспарларын анағұрлым жақсырақ құрып, бүгінгі директорлар мен компания президенттеріне қарағанда түрлі жағдайларға жылдам әрекет ету мүмкіндігіне ие.
Мамандар барлық мамандық өкілдерін еңсесін түсірмей, кәсібилік деңгейін арттыруға шақырады, себебі жақсы мамандарға деген сұраныс қашан да жоғары және мамандықтардың басым көбі жойылмайды, керісінше жаңа деңгейге ауысады.
Ал роботтандырылған өнеркәсіп мекемелері қайтадан адамдарды жұмысқа шақыруға мәжбүр. Роботтар өз қызметін жақсы атқарады, бірақ олар жаңашыл ойлар, ішкі түйсік немесе «адам бейнесімен» әлдеқандай әрекет жасауға қабілетсіз.
Составить 3 вопроса ,срочнооо,пожалуйста!!
Дам все баллы!​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.