Дағыстандық суретші түбінде туған жеріне сағынышпен оралады, оны анасы кешіреді, ол туған тілін қайта үйренеді деген оймен келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды отбасылық құндылық тұрғысынан талдаңыз, құрылымын сақтап, әдеби эссе жазыңыз. 80-100 сөз (отбасылық құндылықтарға сыйластық, үлкенге деген құрмет, ата-анасына деген сыйластық т.б. жатады) СРОЧНО КЕРЕК
Answers & Comments
Ответ:
"Дағыстандық суретші түбінде туған жеріне сағынышпен оралады,оны анасы кешіреді,ол өз тілін қайта үйренеді",- деген оймен келісемін.Қай адам болмасын туған жерін,елін,туған үйін сағынады.Ертеме,кешпе өзі туған үйге бір келері сөзсіз.Ал туған ана тілін ұмыту мүмкін емес.Ананың сүтімен берілген тілдің әр сөздері есінде қалатыны сөзсіз,айта білмеседе түсінеді.Анасы өз перзентін кешіреді.Ананың бәрі кешірімшіл.Отбасындағы құндылықтардың бірі - Отанын,елін,жерін сүю,ана тілін құрметтеу,мақтан тұту,ата-анасына деген сыйластық,үлкенге құрмет.Авар ақыны Р.Гамзатовтың шығармасының тәрбиелік мәні өте жоғары.Жас ұрпақты ана тілін құрметтеуге,елді,жерді сүюге,намысшылдыққа үйретеді,ұлтжандылыққа тәрбиелейді.Тілден құдыретті күш жоқ.Тіл қаруы - сөз,сөз қаруы - ой.Ақылды оймен,алғыр сөзбен өз тілімізде сөйлей білейік.