даю 100 баллов помогите с сором по Казахскому плииииз
8-СЫНЫП (БЖБ №2)
І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«Сауда жасай білесің бе? А. Құнанбайұлы «Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Білім алушының аты-жөні: ________________________________________________
Сынып: 8 « »
Оқу мақсаты:
8.Т.2.Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.
8.5.1.1.Болжалдық сан есімдерді ажырата білу,сөйлем құрастыру.
Бағалау крийтерийі:
Білім алушы:
*Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді,мәтінге ат қояды.
*Мәтіннен сан есімдерді табады, түрлерін ажыратады.
*Сан есімдерді болжалдық сан есімге айналдырады.
Ойлау дағдыларының
деңгейі: Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты: 15-20минут
Тыңдалым. Оқылым
1-тапсырма.
Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Ұлы Жібек жолы десе көз алдыңа күн астында күйіп тұрған алып шөл далалар, аяғы көрінбейтін қымбат жүктері бар керуендер, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен саудагерлер, алдындағы мақсатына жету үшін шөлдаладан да өтуге дайын көпестер елестейді. Жол барысында жаңа қалалар пайда болып, ескілерінің тас талқаны шықты. Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен.
Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар, экзотикалық жануарлар тасымалданды. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін тигізген. Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсер болған, теңдесі жоқ сауда маршруты. Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт цивилизация арасындағы мәдени экономикалық көпір деп айтуға толық негіз бар. Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады. Сол жылы Қытай императоры Батыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын. Оған қатысқандар Қытайдан Орталық Азияға тікелей жүріп өткен.
Жазылым
2-тапсырма.
Мәтінге ат қойыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. 4 балл
_____________________________________________________________________________
Ұлы Жібек жолының бойында не сатылды?
_____________________________________________________________________________
Оның ұзындығы қанша шақырым?
_____________________________________________________________________________
Жібек жолының тарихы қайдан бастау алады?
_____________________________________________________________________________
3-тапсырма.
Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз, олардың түрлерін ажыратыңыз. 2 балл
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4-тапсырма.
Төмендегі сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеңіз. 4 балл
Сауда, тауар
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5-тапсырма.
Берілген сандарды болжалдық сан есімдерге айналдырып,сөйлемдер құраңыз. 5 балл
Жүз, екі мың, он, жиырма, елу .
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырмалар
Дескриптор
Балл
Мәтінді оқу,сұрақтарға жауап беру,мәтінге ат қою.
1-2
Мәтінді оқиды,сұрақтарға жауап береді,мәтінге ат қояды
4
Мәтіннен сан есімдерді табу,олардың түрлерін ажырату
3
Мәтіннен сан есімдерді табады,түрлерін ажыратады
2
Мәтінге қатысты сөздерді тәуелдеу
4
Мәтіндегі сөздерді тәуелдейді
4
Сан есімдерді болжалдық сан есімге айналдыру,олармен сөйлем құрастыру
5
Сан есімдерді болжалдық сан есімге айналдырып, сөйлем құрастырады.
5
Барлығы:
15
Answers & Comments
Ответ: 2 - тапсырма.
"Ұлы Жібек жолы"
1) Ұлы Жібек жолында қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар, экзотикалық жануарлар және т.б. сатылады.
2) Ұзындығы 12 мың шақырым болады.
3) Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады. Сол жылы Қытай императоры Батыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын.
3 - тапсырма
Алып, қымбат, алтын, күмістен
Алып - сындық сын есім.
Қымбат - сындық сын есім.
Алтын - сындық сын есім.
Күмістен - сындық сын есім.
4 - тапсырма
Жекеше: Сауда, тауар
Түбірі: сауда; тауар.
Көпше: Саудалар, саудашы, тауарлар.
Түбірі: сауда; тауар. Көптік жалғау: лар; лар. Зат есім жасаушы жұрнақ: шы.
(осылай болатын шығар)
5 - тапсырма
Жүз шақты, екі мыңға таман, он шақты, жиырмаға таман, елудей.
Менің бауырымда жүз шақты асық бар.
Маған анам екі мыңға таман ақша берді
Бүгін тексеруге он шақты адам келді.
Оның үлкен баласының жасы жиырмаға таман.
Мен бүгін елудей кісі қабылдадым.