Даю 100 балов. Написать 5 главных предложений!!
...Отырардың бүгінгі құдіреті ше?.. Мәрмәр теңізінен басталып, ежелгі
Бабыл жерінен шығып, Үнді жерімен өтіп, Хорезмді басып, Қытайға қарай
жүретін «Бас Жібек жолы», «Жау жолы» осы қаланың үстінен өтеді. Саудагерлер Отырардың «Қан базарына» саудасын салады, кең сарайда қонып,
дамылдайды, сосын тағы да таусылмас жолға шығады. Осының өзі туған
қаласын салтанатқа бөлеп, байлыққа белшеден батыра берді. Атағын дүйім
жұртқа жайды...
Әуелде араб жиһанкездері Отырарды «Фараб» не «Бәрәб» деп жазып
жүрді. Отырарды қазір ғұлама, өнерпаз, көріпкел, сәуегей, зергер мекен
етеді. Шаһарды екі жүз мыңдай халық мекендейді; көшесінде сан жүздеген
тасболат там, жәдігер, кешендер бар; монша, мешіт, саудахана, қышхана,
гүртхана, әсем әуіздер, қорған мен соқпақтар бар.
...«Жәдігер» деген — тастан салынған ымырат, «дің үй» деген — түрі
киіз үй тәрізді күмбездеп салынған мекен, бұл екі құрылыс та шаһардың
орталық көшесінде көп кездесетін.
Үй тас пен кешендерді көбіне диқандар мекендейді. Қаланың шеткі көшелерінде тасболат тамдар көп ұшырасады, тасболат тамдар киіз үй
секілді дөңгелек емес, төрт бұрышты не қоржынды етіп салынған. Үйлерінің
қабырғасы әрқилы әсем қыштан қаланған, оларға тән тұрақты құбылыс —
есіктерінің біркелкі түстікке қарап тұруы еді. Тасболат тамдарды ұсталар,
қолөнершілер, тоқымашылар жайлайды.
Д. Досжан
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.