Биотехнология - тірі ағзаларды немесе олардың метаболизм өнімдерін белгілі бір технологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалану қабілетін зерттейтін ғылым. Биотехнологияның көмегімен адамның белгілі бір қажеттіліктері қанағаттандырылады, мысалы: дәрі-дәрмектерді жасау, тамақ сапасын арттыратын өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін өзгерту немесе құру.
Өнімі мол, төлі сапалы аталық пен аналықтан жаралған эмбриондарды қолдағы қарапайым аналықтардың құрсағына көшіріп отырғызу арқылы нәсілділігі мен өнімділігі артық төлдің санын көбейтуді – эмбрион трансплантациялау (ұрық көшіріп отырғызу) биотехнологиясы дейді. Бұл тәсілді қолданғанда аталық пен аналық жыныс жасушаларының бірігіуінен түзілген зәузат-эмбрион қолданылады.
Аналық мал, жануарлардың жұмыртқалықтарында (жыныс бездерінде) 100-200 мыңға дейін жұмыртқа жасушасы түзіледі. Олардың санаулысы ғана (6-8) төл болып дамуға жұмсалып, қалғандары даму кезегін күтумен өмірден өтетіні анықталған. Жыныс бездеріндегі жұмыртқа жасушаларын топ-тобымен дамытып, көшіріп отырғызуға жарамды мол эмбрион (ұрық) өндіріп алу үшін арнайы тәсіл шығарылған. Осы тәсілді қолданғанда сиырдан жылына көшіріп отырғызуға жарамды 50-60 эмбрион алуға болатынын зерттеу нәтижелері айқындап отыр. Бұл дегеніміз, құнды сиырдан жылына бір емес,жоқ дегенде 40-50 бұзау алуға болатын мүмкіндік бар екенін көрсетеді.
Қазіргі таңда эмбрионды трансплантациялау –мал, жануарларды сұрыптап өсіру (селекция) қарқынын өте аз уақыт ішінде ең жоғары деңгейге жеткізетін зор әлеуетке ие биотехнология екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Оның сыртында саны өте азайған немесе жойылуға таяған жабайы хайуандардың санын көбейтіп, популяциясын сақтап қалу үшін де аса маңызды болып табылады. Мысалы, Қытайда жойылуға дәл қалған панда аюы осы биотехнологиялық тәсілдің арқасында саны молайып, қайтадан еркіндікке (табиғатқа) жіберілді. Австралияда жабайы түйелердің популяциясын көбейту үшін эмбриондарды трансплантациялау тәсілі қолданылып, үлкен нәтижеге қол жеткізген. Медицинада бұл технология нәтижелі пайдаланылады. Ағзадан тыс, зертханалық жағдайда ұрық тоқтатылып, түзілген эмбрионды әйелдің құрсағына енгізіп беру арқылы трансплантат-сәби дүниеге келеді. Қазақстанда бұл биотехнология жақсы дамыған.
Answers & Comments
Ответ:

Биотехнология әлеміндегі жаңалықтар

Объяснение:
лучший ответ пжээ