даю 50 баллов срочно помогите!!! төменде берілген мақал мәтелдер қолданып мәтін мазмұны дамытыңыз •Нар тәуекел ер ісі •Батыр майданда шынығады , Темір қайнауда шынығады
Ответ:Еңбектің бағаланғаны, ерліктің дәріптелгені жақсы. Бұл өз өмірін тәуекелге тіккен жандардың рухын көтеру үшін керек. Қаһармандарға еліктеп өсетін ұрпақтың санасына отаншылдық дәнін орнықтыру үшін де маңызды. Әрине, бейбіт күннің батырлары айналасындағыларды құтқарғанда бақай есепті ойламайды. Біреуге көмек қолын созу арқылы абырой жинасам, медаль алсам, қызметте көтерілсем деп те мақсат қоймайды.
Оларды ерлікке итермелейтін қызметтік борышы ғана емес, адамдық принципі шығар. Өкініштісі, біздің қоғам жақсылықты жарнамалауға, жақсы істерді насихаттауға сараң. Жылы сөзін қимайды. Ізгі істердің астарынан да ілік іздеу жиілеп кетті. Әйтпесе, басқаны былай қойғанда, полиция қатарында өз басын қатерге тігіп, өзгелердің өмірін сақтап қалғандар өте көп. Отан қорғаушылар күніне орай сондай батыр полицейлердің біразы марапатталды. Ел Президентінің Жарлығымен 29 полиция қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды. Марапатты тапсырған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев батырлардың есімін мақтанышпен атап, ел атынан алғысын білдірді.Елімізде коронавирус індетінің таралуына тосқауыл қою мақсатында төтенше жағдай енгізіліп, карантин жарияланғаны белгілі. Осындай сын сағатта да полиция қызметкерлері қатердің алдында жүрді. Халықты сақтандыру, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін барын салды. Үй көрмей, отбасынан жырақта жүріп қызмет еткен сақшылардың жанкештілігі туралы сөз етпесек елдігімізге сын
болар. Ерлан Тұрғымбаевтың қызметтік міндетін адал атқарып жүрген әріптестеріне алғыс айтып, ақжарма тілек арнауы сақшыларды жігерлендіріп, өздеріне деген сенімін бекіте түскені анық. Ал, құқық қорғау саласында иық түйістіріп бірге жүрген жанның ерлік көрсетіп, ел мақтанышына айналуын көрудің әсері тіпті ғаламат. Мысалы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің қызметкері Шолпан Меденованың есімі
бүгінде республиканың түкпір-түкпірін дегі сақшыларға жақсы таныс. Тергеуші болып қызмет атқаратын Шолпан іздеуде жүрген қылмыскерді ұстап, криминалдық полиция қызметкерлеріне тапсырған болатын. Былай қарасаңыз, күдіктіні ұстап, қоғамнан аластау әр сақшының міндеті. Сонда Шолпан нендей ерлік көрсетті? Оның ерлігі – тәуекелшілдігінде. Жақын күнде дүниеге ұрпақ әкелемін деп отырған Шолпанның қылмыскерге жалғыз қарсы шығуы өзін ғана емес, құрсағындағы нәрестені де қатерге тігуінде. Мұндай екіұдай сәтте аяғы ауыр әйел тұрмақ, соқталдай жігіттердің өзі нақты шешім қабылдай алмай жатады. Меденованың мықтылығы осында!
Алматы облысы да батыр полицейлерден кенде емес. Білдей бір тұрғын үй кешенін жарылыс қауіпінен
сақтап қалған Нұржан Батқалбеков соның бірі. Арнайы жасақта қызмет ететін сарбаздың жанкештілік үлгісін
көрсеткен кезі көп. Соның бірі мынау… Талдықорғанның бір тұрғыны жасаған лаң сол күні біраз адамды әбігерге салған. Ішімдікке әбден тойып, анасымен сөзге келген ол пәтеріндегі газ баллонын жарамын деп қорқытқан. Төртінші қабатта орналасқан пәтерде жарылыс болса бүкіл тұрғын үй шатырсыз қалуы, өрттің ошағына айналуы мүмкін еді. Хабарды ести сала полиция қызметкерлері үй тұрғындарын сыртқа шығарып, бопсалаушы жігітпен келіссөз жүргізуге кіріседі. Алайда, санасы тұманданған жігіт сөзге көне қоймайды. Шұғыл шешім қабылдаған топ бопсалаушыны тоқтатуды Нұржан Батқалбековке тапсырған болатын. Шатырдан төмен түсіп терезеден кірген Нұржан мас жігіттің газ баллонның тұсында сіріңке тұтатқалы тұрғанын көреді. Ойына алғанын іске асырсам деген ол терезеден секіріп түскен сарбазға аңтарыла қарап қалған. Батқалбековке осы бірер минут жеткілікті еді. Сіріңке ұстаған қолға жармасқан ол бопсалаушыны тұқыртып, қатер төндірген екі газ баллонын да сыртқа шығарды. Әбжілдік танытқан сарбазға «Ерлігі үшін» медалі табысталды. Ербол Аманбаев та Алматы облысы Текелі қалалық Полиция бөлімінің учаскелік инспекторы. Бұл жігіт те өз өмірін қатерге тігіп жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалған. Ербол Қожабекұлының айтуынша, оқыс оқиға түнде орын алған. Шақырту түскен жерге жеткен учаскелік полицей өрт
сөндірушілердің келуін күтіп тұрмаған. Өйткені, қызыл жалын басталған екі қабатты тұрғын үйде бұдан басқа
бірнеше пәтер бар. Егер өрттің алдын алмаса, ескі үйдегі барлық пәтер отқа орануы мүмкін. Бірден шешім
қабылдаған жігіт есікті бұзып ашқанда жалынды өз күшімен сөндірмек болған әйел әлсіреп, жерде құлап жатыр екен. Әйелді сыртқа шығарған ол үйге қайта беттегенде өрт тіпті өрши түскен. Есі шығып дағдарған жұрт полицей қою түтін будақтаған үйге қайта кіріп кеткенде тіпті таңданысып қалған еді. Газ баллонын көтеріп шығып келе жатқан Ерболды көргенде ғана жанталасқан әрекеттің мәнін түсінген. Көпшіліктің көз алдында батырлығын байқатқан жігіттің өңірінде қазір «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі
Answers & Comments

жарқырайды.
Объяснение: