ДАЮ 65 БАЛОВ! СРОЧНО ПЛИЗ! УМОЛЯЮ!
2-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, ондағы мәселені анықтаңыз. Жаңа сөздерді қолдана отырып, "Төрт сөйлем" формуласы бойынша мәселеге қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Ахмет ақсақал балаларды бастарынан сипап өтті де, шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады. Ертеңіне Ахмет көрші ауылдан Сейітбек қожаны алып келіп, баласын сүндетке отырғызды. Кешке бүкіл ауылды баласының тойына шақырды. Жылы төсекте жатып ұйқыға кеткен Зигфрид Вагнер таңертең Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды. Көп ұзамай Ахаң ауыл тұрғындарымен бас қосқан жерде үнемі баласы туралы әңгімелейтін болды. - Өзі ұғымтал,- дейді мақтанып. - Аса зерек. Бірақ биыл мектепке бермеймін. Тілі жаттықсын... - Тіпті бөтендігі жоқ,- дейді қуанып. Алғашқы күндері үркек еді. Қазір мені мен шешесін қойшы, осы бәріңе, бүкіл ауылға бойы үйреніп қалды. Зигфрид кекшілдігі жоқ, жайдары бала боп шықты. Көбіне жалғыз ойнайды. Әкесінің тымағын киіп алып, көк шыбықты ат қып мініп алып, күні бойы үй маңында асыр салады. Ептеп қазақша сөйлей бастағаннан бері ауыл балаларымен арадағы алалық азайды. Кейбір балалар өзі іздеп келіп ойнайтын болды. Зигфрид кім келсе де жақсы қарсы алады. Бар-жоқты адал бөлісіп жейді.
"Төрт сөйлем" формуласы [4]
1.Бірінші сөйлем «Менің ойымша, мәтінде ....... мәселе көтерілген »
2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
3.Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
4.Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.... ».
Answers & Comments
Ответ:
Менің ойымша мәтінде,қазақ баласының бауырмашылдығы туралы мәселе көтерілген.
Себебі,мен оны мәтін ішіндегі ақпарат бойынша түсіндіремін.
Оны мен неміс баласының ауыл балаларымен тез арласып кеткені арқылы дәлелдей аламын.
Осыған байланысты біздің ел көп ұлтты және бауырмашыл деген қорытындыға келдім.
Объяснение:
Все правильно