Туған халқын төрткүл дүниеге танытқан ұлы суреткер Мұхтар ӘУЕЗОВ – кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің қарымды қаламгері, дарынды ғалым. Ұлы жазушының туғанына биыл 120 жыл толып отыр.Әуезов өмірі мен еңбегінің халық үшін қаншалықты маңызды болғанын кейін тарихтың өзі дәлелдеді. Ол аласапыран кезеңдерде халқымыздың талай рет үзіліп қала жаздаған мәдени-рухани арқауына, ұлттық болмысына аман жетуіне үлкен үлес қосты. Осы мақсатта №5 жалпы білім беретін орта мектепте «Әлем таныған Әуезов» тақырыбындағы танымдық кеш ұйымдастырылды.
Жазушының негізгі тақырыптары – әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр тағдыр туралы. Осының бәрі М.Әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағы әрекеттері болатын. «Абай жолы» – Әуезовтің бас кітабы. Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние жүзіне, өз отандастарына қазақтың кім екенін танытты. 5 сынып оқушыларымен өткізілген «Әлем таныған – Әуезов» кешінде қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Адамбаева оқушыларды ұлы тұлғаның шығармашылығымен таныстыра отырып, шығармаларынан үзінді оқып, сұрақтар қойды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар жазушы шығармаларымен танысты
Answers & Comments
Ответ: