Тарих бізден ерлігі түгілі есімі ұмытылған талай батырды жасырып келді. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана "банда", "ұлт жауы" деген желеумен аттарына қара күйе жағылған талай тұлға ақталды. Сондай елену үшін емес, елі үшін шыр-пыр болған батырлардың бірі - Мергенбай Жаманкөзұлы.
Мергенбай батыр 1876 жылы Жетісу губерниясындағы Жаркент уезінің Нарынқол өңірінде дүние есігін ашқан.Мергенбай Жаманкөзұлы 1918-1920 жылдары Қызыл әскер қатарында қызмет етіп, Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. Дана халқымыз "шын батыр сын үстінде танылар" дегендей, оның блатырлық тұлғасы, жасаған ерліктері жайлы біраз аңыз-әңгіме бар.Ел ішіне айрықша танылғаны - Сырт жайлауында отырған Ұзақ батыр ауылының азаматтары шетте жүргенін пайдаланып, Қытайдағы Монғолкүре ауданының қалмақтары 700-дей жылқыны айдап әкетеді. Мұны ести сала Мергенбай батыр қос атты ауыстыра мініп, барымташыларды жалғыз өзі қуған. Олардың алдын орап, Асутөр асуында күтіп алған Мергенбай тұтқиылдан шабуыл жасайды. Опасыз саясат пен қазақ тұрғындарының басындағы қиын жағдай Мергенбай батырдың Кеңес өкіметіне көзқарасын өзгертуіне себепші болып, шекара күзетін қамтамасыз ететін комотрядтың бастығы қызметінен бас тартып Қытай аумағына өзіне сенген елмен бірге қоныс аударады. Міне, Кеңес үкіметінің батырға жалған атақ таға салуына да осы себепші болған еді. Ел арасына кеңінен тараған "Керқұла атты Кендебай" ертегісінде осы Мергенбай батырдың баласымен кездесуі берілген.
Қазақ халқының осылай ұзақ уақыт еленбей келген батырлары қаншама десеңізші. Ержүрек ата-бабамыз болмаса мұндай кең-байтық даланың да, бейбіт өмірдің де ешқайсысы болмас еді.
Answers & Comments
Ответ: