Әдетте, адамдар бірін-бірі сыртқы келбеті мен киіміне қарай содан кейін ғана оның ішкі қасиеттері бойынша бағалайды. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Ең соңғы сән үрдістерін ұстануға тырысудың басты себебі - стильді, тартымды, танымал және сенімді болуға ұмтылу. Менің ойымша, барлық адам өзінің көңіл күйін, эмоциясын, талғамын киім арқылы білдіреді. Әркім өзінің дүниетанымы, ойлау қабілеті мен қиялына қарай киінеді. Адамның киіміне қарап ішкі дүниесін көруге, не айтқысы келетінін білуге болады. Бірі ашық, көзге түсетін киім кигісі келеді, мұндай көбіне жастарда кездеседі, бірі күнделікті, қарапайым стильді дұрыс көреді. Әр адам жасына, жұмысына, дене бітіміне және сипатына сәйкес стилі бойынша киім таңдау керек. Ең маңыздысы – ұқыптылық, табиғилық және сұлулық. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін нәрсе – әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы киімге деген талғампаздық, адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Сән, мода әрдайым өзгеріс үстінде болғандықтан, оны қуып жету мүмкін емес. Адам өзіне қонымды, жарасатын киім үлгісін таңдап сән ағымымен ұштастыра білсе, ешқашан ұтылмайды деп ойлаймын

4. Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды табыңыз.

А) Тар киім тез тозады.

В) Сыпайы, киімді киіп тоздырады, сараң, киімді жиып тоздырады.

С) Киім кірі жуса кетеді. Көңіл кірі айтса кетеді.

Д) Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.