Диалогті сұрақтармен толтырып, өзара сөйлесіңдер.
- ....?
- Айша Ғарифқызы Ғалымбаева – Қазақстанның халық суретшісі.
- ...?
- А.Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген.
- ...?
- Ол 1943 жылы Алматының көркемсурет училищесінде, 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтында оқыған.
- ...?
- Республикалық, одақтық және халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан.
- ...?
- Оның туындылары: «Шопан» 1949 ж, «Менің аулам» 1949 ж, «Қазақ халық киімдері» 1958 ж альбомы, «Қызыл апортжәне табақ» 1994 ж, «Жайнаған гүл шоғыры» 1999 ж т.б.
- ...?
- Ол Қазақстан Республикасы Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері.
Answers & Comments