Домбыра туралы баллада
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
Шөмішбай Сариев
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Ответьте письменно на вопросы по тексту.
1.Мәтіннің тақырыбы қандай? Какова тема текста? ______________________
2. Мәтінде қандай аспап туралы айтылады? О каком инструменте идет речь в тексте ?__________________________
3. Мәтін авторының идеясы қандай? Какова идея автора текста? _____________________________________________________________
4. Мәтін мазмұны бойынша автор домбыраны нелерге теңейді? По содержанию текста автор приравнивает домбру к ...........
1. __________________
2. ___________________
3. ___________________
5. Мәтіннен естіген теңеу сөздерді жазыңыз. Выпиши из текста сравнения. _____________________________________________________
6. Домбыраның қандай қасиеті туралы айтылады? О каком свойстве домбры идет речь в тексте? ____________________________________________________________________________________________________________________________________
7. «Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра» деген пікірмен келісесің бе? Неге? Согласен ли ты с мнением «Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра»? Почему?
Answers & Comments
Ответ:
1) тақырыбы; домбыраның қасиеті
2)Домбыра
3)Идеясы:домбыраны құрметтеу
4)1:мұңға
2:сырға
3:жүректің дүрсіліне
5)ғашықтардың көз жасындай,
бабамыздфң мұнысы сен,
анамыздың сырысы сен,
күй ойнайды қазағымның жанында
күй ойнайды қазағымның жанында
6) Домбыраның сөзді күймен жеткізуге болатын қасиетін айтады
7)Ия,себебі домбыраны бар қазақ құрметтейді,сондықтанда төрде домбыра ілініп тұрады.