Досқа деген сенімділік


Төл сөздің алдына келетін қос нүкте қойылуға тиісті қатарды тап.

Текст:Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен.
Қыран күлкі, тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан-тойдың арасында.
Береке бойдан асып жатқанымен,
Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?
Ұйытқып жатыр көңілде құйын-дауыл,
Heгe сен келе алмадың жиынға бұл?!
Жыраққа жалғыз мені жібермеші
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр!
Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,
Өзімсіп: - Ей! - деседі,- өй! - деседі.
Шіркіндер-ай, даурығып тыңдар емес!
Есіме ап, тост көтертсем, кейде сені.
Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?
Сенсіз думан – қызықсыз бос қырманда
Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,
Сенің орның құлазып, бос тұрғанда.

Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,
Өзімсіп - Ей! - деседі,- өй! - деседі.

Қыран күлкі, тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан-тойдың арасында.

Ұйытқып жатыр көңілде құйын-дауыл,
Heгe сен келе алмадың жиынға бұл?

Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?
Сенсіз думан – қызықсыз бос қырманда.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.