Дәрілік өсімдіктер. Повторение

Мәтін бойынша сұраққа жауап бер.

Қазақ халқы нені жақсы білген?

Адам өсімдіктің тағамдық қана емес, шипалық қасиетіне де көп көңіл бөлген.

Көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ халқы да әр өсімдіктің пайдасы мен зияны туралы жақсы білген. Даламызда жайыла өсетін қарапайым жусанды алайық. Бұл өсімдікті халық емшілері ішек құрты ауруын емдеуге қолданған, шет елдерге сауда керуендері арқылы жіберетін болған. Ал қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт ауруына пайдаланған. Қазіргі кезде кез келген бау-бақшада өсетін түймедақ гүлдері – тыныс жолдары ауруына бірден-бір дауа. Сондай-ақ оны асқазан, ішек ауруларына қарсы қолданады. Ал күйзеліс кезінде жалбыз жапырақтарын пайдалану ұсынылады. Бақбақ тамырынан жасалған тұнба адамның тәбетін ашады. Итмұрын жемісінің құрамындағы емдік заттардың да адам ағзасы үшін пайдасы зор.

Сауда керуендерінің жолы туралы

Өсімдіктердің пайдасы мен зияны туралы.

Дархан даламыздың жануарлары туралы
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.