Негізгі саяси құқықтар алдымен салық төлеушілерге берілді. Француз революциясының бірінші кезеңінде (1789 ж. 14 шілде — 1792 ж. 10 тамыз) билік ірі буржуазия мен фельяндар деп аталған либерал ақсүйектерге тиісті болды. Негізінен буржуазия өкілдерінен тұратын астаналық әкімшілік құрылды. Ол Париж коммунасы деп аталды. Оның басшылығымен 1792 ж. 10 тамызда көтеріліске шыққан халық жеңіске жетіп, король тақтан түсірілді. Ұлттық Конвентке сайлау белгіленді. Француз революциясының екінші кезеңінде (1792 ж. 10 тамыз — 1793 ж. 2 маусым) саяси билік Құрылтай жиналысының орнына сайланған Заң шығару жиналысына көшті. Ол жиналыста Жиронда департаментінен шыққан депутаттар үстем түсіп, Ұлттық Конвентте көпшілік орынды иемденді. 1792 ж. 22 қыркүйекте Конвент Францияны республика (бірінші республика) деп жариялады.
Answers & Comments