September 2021 1 39 Report


Ең үлкен кітапхана- Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы— орта ғасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүзге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған.

Екінші, Дублиннің Тринити-колледжінің кітапханасы—Ирландиядағы соншама кітапқа бай, ең үлкен ғылыми кітапхана. Әрі-бері өткен жандардың бәрі іздегенін табатыны да анық. Мұнда 5000000 кітап бар,соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған.

Үшінші, Прага қаласында орналасқан ежелгі Страговск монастырінің кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар ХІІ ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130000 - кітап, 1500-мерзімді баспасөз, 2500 – қолжазба және бірнеше мың графикалық жазбалар сақталған.

Төртінші, ДжейУокер—америкалық ойлаптапқыш әрі кәсіпкер.Рriceline.com сайтының негізін салушы. Оның Риджфилдегі үйі-адамзат тарихындағы ең үлкен, көп деңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхана. Онда 50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар. Лабиринт тәрізді құрылысына байланысты бұл дүниелермен тез, жылдам танысып шығу мүмкін емес.

Бесінші,Йель университетінің сирек кездесетін кітаптар мен көне қолжазбалар кітапханасы. Оның негізі 1963-жылы қаланған. Бұл –сирек кітаптар мен манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Кітапхана мұрасы мен оқырман әдейілеп іздеп келіп танысады. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған. Бұл мұралардың бәрі бекерден-бекер жиналмағаны анық.

1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды пайдаланып, сұрақтар дайындаңыз.



1._______________________________________________________________________________



2.________________________________________________________________________________



3.________________________________________________________________________________

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.