Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Мамандықтың бәрі жақсы» немесе «Менің сүйікті мамандығым» деген тақырыптардың біреуі бойынша сөйле. Тірек сөздер: мамандық болашакта, тандау жасау, түрі, әр мамандықты сүю, қалауы, адамнын пайдалы, қажетті.
6-8 предложений, дам 20 баллов
Answers & Comments
Объяснение:
Қоғамдағы еңбек нарығында өмір сүріп жатқан адамдар әр түрлі салада, әр түрлі мамандықта қызмет етіп жатыр. Мамандық дегеніміз – әрбір адамның өзі таңдап алған сүйікті ісімен айналысу деген сөз. Бірақ кейбір адамдар мамандық таңдаған кезде өзіне жақын, өзінің жүрегі қалап, бар махаббатымен, бар қалауымен еңбек ететіндей мамандықты таңдай алмайды. Мамандық таңдау – болашақ кәсібіңді, болашақ өміріңді қолға алумен пара-пар. Әрбір Қазақстандық мамандық таңдаған кезде, өз елінің болашағын қолына алу жауапкершілігін сезінгені жөн. Сондықтан мен болашақта мемлекетке адал қызметкер, соның ішінде нағыз патриот және жемқорлыққа қарсы күрескер, яғни, антикоррупционер болгым келеді.