Алаш (ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар) — көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым.[1]
Орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол — татар — қазақ шежірелерінде Алаш (Алашы) хан туралы айтылады. Кеген тас жазуында (б.з.б. 4 ғ. шамасында) “Қаған алты бөріг алаш(а) ерті” деген жолдар, Алтай тауының Сібір жағында (Тува) Алаш атты өзен, Алаш атты тау сілемдері бар. Алаш атауы бүгінгі күнге дейін түрікмен, қырғыз, қазақ, ноғай т.б. халықтардың есінде сақталған. Кеген тас жазуында “алты бөріг” (“алты қасқыр”) деген сөздің “алты алаш” мағынасын беретіні жөнінде (үйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сяньби-ғұн тайпалары) ғыл. болжамдар бар. Алаш туралы аңыздарда мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сілемі байқалады. “Алаш — алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда” деп келетін сөздер осыған меңзейді.
Answers & Comments
Ответ: