Тіл — желінген астың дәмін татқызады, оның пішінін, қаттылығын не жұмсақтығын анықтауға мүмкіндік береді, жұтуға көмектеседі.
Сілекей — ауыз қуысын ылғалдатып отырады. Желінген астың құрамындағы көмірсуларды ферменттердің көмегімен ыдыратады.
Жұтқыншақ — дем алу, ауыз қуысына түскен асты асқазанға өткізу, бөгде заттардан қорғау (тамаққа бөгде зат кетіп қалса, адам дереу жөтеліп, оны шығартып тастайды)
Answers & Comments
Ответ:

Өңеш — жұтқыншаққа ұқсас, тағамды асқазанға жеткізеді.
Асқазан (біржасушалы бездер) — сөл бөледі.
Асқазан сөлі — нәруыздарды аминқышқылдарына ыдыратады.
Бауыр — қанның ескірген жасушаларын жою үдерісінде маңызды рөл атқарады, өт бөледі, асқорытуға қатысады, ұйқы безі ферменттерінің белсенділігін арттырады.
Ұйқы безі (ішкі секрециялық қызметі) — инсулин гормонын бөледі.
(сыртқы секрециялық қызметі) — ішекке сөл бөледі.
Ашішек — аминқышқылдары мен глюкозаны қанға сіңіреді, май қышқылдары мен глицерин лимфаға сіңіріледі.
Тоқішек — су, минералдар, дәрумендер қанға сіңіріледі. Өсімдік жасұнығы, симбиоздық бактериялар — ішек таяқшалары әсерінен ыдырайды.
Тікішек — қорытылмаған ас қалдықтары ағзадан шығарылады.