Елбасы өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында, кез-келген саяси мінбелерде, жастар форумдарында ел болашағы жастардың қолында, ертеңгі күннің жарқын, сәулелі болуы тікелей біздерге байланысты екенін қадап айтып келеді. Сол себепті де жастар болашақ мамандықты таңдауда еш қателеспеуі керек. Менімен бірге оқитын сыныптастарым болашақта айлығы көп, беделі мықты, аталуы тым керемет естілетін мамандықтарды таңдауды мақсат етіпті, ал мен болашағымды құтқарушы мамандығымен байланыстратын болсам еш өкінбес едім, өйткені бұл мамандық иелері айлығының көптігінен емес, жылы орнының жайлылығында емес, қарапайым халыққа дер кезінде көмектесіп, қауіпсіздіктің алдын-алып, адамдардың риясыз алғысын алғандығын биік санайды және оны абырой көреді. Негізі бұл мамандықты таңдауым осыдан тура бір жыл бұрын ойыма келген болатын. Қыс мезгілі болатын, сабақтан қайтып бара жатқан едім, кенеттен бір айғайлаған дауыс үні естілді. Жақынырақ барып қарап едім, төменгі сыныпта оқитын оқушы бала мұздан сырғанаймын деп аяғын ауыртып алған екен, мен оның қасына барып аяғын уқалап, орнынан тұрғызып, үйіне дейін шығарып салдым. Осыдан шығатын қорытынды мен оған барып көмектесіп, анасының алғысын алғандығым. Өйткені менің өмірімде ананың көзіне жасы келіп маған айтқан алғысы әлі күнге дейін ойымнан кетпейді. Сонда түйген ойым өмірде қаншама мамандық иелері бар, қазіргі жастар шетелде білім алып, ел болашағына қызмет етуде, біреуі мықты заңгер, есепші, халықаралық сарапшы болып жүр. Мен ойлаймын ең бастысы таңдаған мамандығынды шынайы сүйіп, адал қызмет етіп, халықтың алғысына бөленсен, міне нағыз бақыт деген осы.
«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс»,-деп Елбасымыз айтқандай әр мамандық иесінің рухы биік болып, ел болашағына адал қызмет етсе онда сол елдің рухы әрқашан мәңгі болмақ. Өйткен біз бір мақсат, бір мүдде үшін қызмет етіп, болашақта қазақ елі «Мәңгілік ел» болуына себепші болмақпыз.
Answers & Comments
Ответ: