Табиғатта демалу кімге болса да артық етпейді. Жағдайымыз жетсе, шетке шығуға асығамыз. Десе де, біздің елімізге келіп, демалатын туристтер саны жыл сайын өсуде. Осыған сәйкес еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан туристік орындар саны да қарқынды артуда. Жылдың қай мезгілінде, қай жерде демалуға болатындығы туралы Қазақстандағы демалыс орындарының рейтингін назарларыңызға ұсынамыз.
Қапшағай су қоймасы
Қапшағай су қоймасы – Алматы тұрғындары үшін келушілері көп, Қазақстандағы ірі демалыс орындарының бірі.
Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің ағынын реттеу үшін бөгет және Қапшағай аймағында ГЭС плотинасы құрылысымен құрылған (1965-1980).Сумен толтыру 1970 жылы басталды.
Судың температурасы мамырда-маусымда 18-20 градус, шілде-тамызда 22-28 градус, қыркүйекте 18-20. Бүгінгі күні Қапшағай Алматы облысының ең танымал жазғы демалыс орталығы, туристер өз таңдауларына өте риза болып қайтады. Ең жақсы бөлігі бұл солтүстік жағалауы болып келеді, мұнда көптеген демалыс орындары мен пансионаттар, санаторийлер орналасқан. Су қоймасының оңтүстік және солтүстік жағалауларында 296 демалыс зонасы мен демалыс базалары орналасқан.
Answers & Comments
Ответ:
Іздеу
28 қар, 2017 сағат 13:50
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ