«Екі ағаш» аңыз. Бір орманда екі ағаш өсіпті. Жаңбыр тамшылары жапыраққа тамғанда немесе бірінші ағаштың тамырына су құйғанда, ол өзіне аз ғана ұрттап былай депті: «Егер мен көп алсам, басқаларына не қалады?»деген екен. Екінші ағаш табиғат берген барлық суды ішіп алыпты. Күн сәулесін төккенде ол алтын нұрға рахаттана шомылыпты, ал екіншісі аз ғана алыпты. Көп жылдар өтеді. Бірінші ағаштың бұтақтары мен жапырақтары аз болғаны сонша ол тіпті тамған жаңбыр тамшысын да жұта алмапты, күн нұрын да дұрыстап сіңіре алмапты, осылайша басқа ағаштың тамырлары басып кетіпті. «Мен өмір бойы басқалармен бөлісіп келдім, есесіне маған ешнәрсе де тимеді»деп-ақырын қайталай беріпті, қайталай беріпті. Қасында екінші ағаштың бұтақтары жайқалып, жеміске толы болыпты. «Жаратқан ием, рахмет саған, бұл өмірде маған бәрін бергеніңе рахмет. Енді міне жылдар өткен соң мен де сен маған жасағандай мен де жүз есе қылып қайтарғым келеді. Өз бұтақтарымның астында мыңдаған шөптерді күннен және жуыннан қорғап тұрмын. Менің жемістерімнің дәмі көптеген адамдарды қуантады. Рахмет саған, маған сыйлауға мүмкіндік бергеніңе»,- деген екен екінші ағаш.
аңыздың мағынасы қандай? өтінем көмектесіңіздерші​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.