Екі әйел құдықтан су алып жатты.Олардың қасына тағы бір әйел келді.Өтіп бара жатқан қарт кісі де құдықтың жанында жатқан тасқа отырып, демалды.Әйелдер балалары туралы мақтанып айта бастады. Бірінші әйел: - Менің ұлым өте күшті, оны ешкім жеңе алмайды, - деді. – Ал менің ұлым әнді жақсы айтады.Ондай дауыс ешкімде жоқ , - деді екіншісі. Үшінші әйел үндемеді. Әйелдер су алып, үйлеріне қайтты.Қария да олармен бірге жүрді.Әйелдер шаршап демалуға тоқтады.Олардың алдынан үш бала шықты.Балалардың біреуі ары-бері секіріп, екіншісі ән айтып келе жатты. Ал үшіншісі үндемей келіп, анасының қолындағы ауыр шелекті алды. Әйелдер қариядан: - Біздің ұлдарымыз қандай екен ? – деп сұрады. - Мен бір ғана ұлды көріп тұрмын! – деді қария.
Бұл мәтіндегі оқиға неге үйретеді?
А) жалқау болуға
В) өнерлі болуға
С) еңбекқор болуға
D) қамқор болуға
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.