Екі сыңары да кірме сөзден жасалған қос сөзді табыңыз?
A) азды -көпті
B) оқу-білім
C) ине- жіп
D) хат-хабар
--------------------------
Мақалға тән ерекшелікті анықтаңыз.
A) Көпшілікке үндеу мақсатында айтылады.
B) Құрамындағы сөздерді ауыстыруға болады
C) Тұжырымды ой, түйінді пікір түрінде айтылады.
D) Эмоциялық мағына басым, авторы белгілі болады.
--------------------------------------------
Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Арман, Қанат, Шынар бір сыныпта оқиды.
B) Мұғалім Ернарды, Айнұрды тақтаға шығарды.
C) Әрсеннің, Саматтың және Асқардың жазуы әдемі.
D) Олар сабақта эссе жазды, оқыды, талқылады.
-----------------------------------------
. Антонимдес фразеологизмдерді анықтаңыз.
A) көздің жауын алу– сөз беру
B) мойнына су кету – ит өлген жер
C) су жүрек – жүрек жұтқан
D) сүттей ұйыды – сілесі қату
--------------------------------
. Заттанған сын есімнен жасалған толықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Бала дәмді тамақ пісірген анасына риза болды.
B) Жаманға сырыңды айтпа, жақсыны жатырқама.
C) Қызық кітап оқысаң, уақытың тез өтеді.
D) Тау жақтан салқын жел соғып тұр.
------------------------------------
. Жинақтық сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Ақынмен кездесу үшін отыз шақты бала кітапханаға ке лді.
B) Бесінші сыныптың оқушылары тоқсанды жақсы аяқтады
C) Кешеден бері екеуі жауапты кездесуге дайындалып жүр.
D) «Тоғыз құмалақ» - ертеден келе жатқан ұлттық ойын.
------------------------------------------
Табыс септігіндегі сөз арқылы анықталатын етістікті табыңыз.
A) болымды
B) болымсыз
C) салт
D) сабақты
------------------------------
. Баяндауышы мақсатты келер шақ етістіктен жасалған сөйлемді табыңыз.
A) Балаларға арнап ертегі жазбақшымын.
B) Дәрігердің жазған емін толық қабылдадым.
C) Ерлан атасымен Астанаға қыдыруға барған.
D) Көрші балалармен күн ұзақ доп ойнайтынбыз.
--------------------------------------
Мөлшер үстеуге тән сұрақты табыңыз.
A) Қашаннан?
B) Қаншама?
C) Қайдан?
D) Қандай?
--------------------------------
Берілген сөйлемде шылаудың қай түрі кездесетінін анықтаңыз.
Осы туралы анасы кеше ғана айтып еді.
A) жалғаулық-демеулік
B) демеулік-септеулік
C) жалғаулық-септеулік
D) септеулік-демеулік
---------------------------
Бастауышы жасырын тұратын жай сөйлем түрін табыңыз?
A) Жалаң сөйлем
B) Жақсыз сөйлем
C) Жайылма сөйлем
D) Жақты сөйлем
Answers & Comments
2)С
3)Д
4)С
5)А
6)А
7)А
8)А
9)В
10)С
11)В
1 таппадм