Екі тақырыптың бірін таңдап, ұлттық құндылықтар тұрғысынан талда. Әдеби эссе жаз. Көлемі: 70-80 сөз.
1. Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасында шындық, құрмет, әділдік қалай көрініс тапқан? «Иә, шындықтың ащы даңқы...» тақырыбында әдеби эссе
жаз.
2. Темірхан Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңінде қазақтың сан ғасырлық арманы, тәуелсіздік бақыты,азаттық бейнесі қалай жырланды? «Тәуелсізбін! Танып тұрмын
өзімді» тақырыбында әдеби эссе жаз.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
2. Тәуелсіздік - еліміздің тірегі.Тәуелсіздік жолында еліміз көптеген қиыншылақтарды бастан кешірді.Халықтың бодандықта болуы, қиыншылық өмірі, кішкене балалардың қиындықты сезінуіне себепкер болды. Ата бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен алып берген жеріне тәуелсіздік орнады. Еліміздің әр таңы - Тәуелсіздік таңы болып атты.
Тәуелсіздік - бабалардың аңсаған, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.1991 жылы егемендігін алған еліміздің өз президенті, салт-дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған, жігерлі жастардың арқасында еліміз тәуелсіздік тұғырына көтерілді.
Осылайша, "Тәуелсізбін" атты өлең дүниеге келді. Игілікті істің нәтижесінде халқымыздың асыл арманы орындалды, егеменді ел болдық. Тәуелсіздік бізге берілген ұлы қазына, бізден кейінгі ұрпаққа аманат!