Кез келген дүниенің белгілі бір негізі, жүйесі болатыны анық. Мысалы, өнер атаулының қадір-қасиетін түсініп, оның барша ғажайыптары мен тылсым сырларын ұғынуға, ғасырлардан бүгінге жеткен болмысына бойлауға да талғам мен талап қажет. Асылында, кез келген ұлттық өнердің тірегі де, түп бастауы да халықтың өзі. Оның маңдайына біткен, кие көріп дәріптеген төлтума өнері болса керек. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткендей, жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Иә, біз бүгінде ұлттық-рухани тамыр деген жай сөз емес екенін, оның мән-маңызы аса тереңде жатқанын білуге тиіспіз. Жуырда Жамбыл облысына жасаған сапарымызда облыстық халық шығармашылығы орталығының атқарып жатқан жұмысымен танысып осындай ой түйдік. Халық шығармашылығы орталығының негізі де осындай ұлттық құндылықтардан желі тартып, соның негізінде өз өнерлерін өрістетіп отырғанын байқадық. Өнердің адам қиялын тербеп, өмірге құштарлығын арттырар құдіретін былай қойғанда, қарапайым халықтың өз ішінен шыққан өкілдердің шынайы таланты мен қабілетіне, дарынына қол соғып, қошемет көрсетпеу мүмкін емес. Осындайда қазақ «Ел іші – өнер кеніші» деп жайдан-жай айтпағанын түсінесіз.
Answers & Comments
Ответ:

<3