Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «1 наурыз - Алғыс айту күні. Ең алдымен, бұл мереке - әртүрлі ұлые окілдерінің қазақ еліне, қазақ жеріне айтып жатқан алғысы,» - деген екен. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Не себепті мереке әртүрлі ұлыс өкілдерінің қазақ еліне, казак жеріне алғыс айтуынан бастау алған? Ойыңызды жинактап эссе жазыңыз.(120-130 сөз)
Answers & Comments
Ответ:
астында жазылған эссе ол наурыз мерекесы жайлы акпарат!
Ал мнау бұл 1наурыз жайлы
1 наурыз – Алғыс айту күні. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.
Объяснение:
Наурызнама (наурыз тойы). Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын Шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналады. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алады. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан-белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелілікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізеттілік пен мейірім-шапағатқа баурайды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек. Осы ұлы күнге байланысты халықтың әдет-ғұрыптары мен жол-жоралары, салт-дәстүрлері бар. Қазақ халқы да жыл басы мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Шығыстық данышпандар М.Қашғари, Ә.Райхан Бируни, Ә.Фирдауси, Ә.Науаи, О.Хаямнан бастап қазақтың Абай, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, М. Ғабдуллин сынды ірі тұлғалары Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, ұлағатты сөздер жазып қалдырган
Наурыз мерекесі. «Наурыз» – парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, «жаңа күн» деген сөз» (А.Байтұрсынов). Қазақ халқы аса кадірлейтін бұл күн, яғни 22-наурыз бүкіл Шығыс халықтарының ежелгі бас мерекесі.