«Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің, ата-анаңның кадірін балалы болсаң білерсің» демекші, ағайын – туыс, бауыр адамға әрқашанда керек. Себебі ата – анаң, бауырларың - бұл өмірдегі сенің ең жақын адамдарың, саған жаны ашитын да, сені уайымдап көп ойлайтын да, қызығың мен қайғыңды ең алғаш бөлісетін де осы адамдар. Қазақта ағайын туралы қаншама нақыл сөз, мақал – мәтел де көп. «Араласпаса ағайын жат» дегендей, туған – туыстармен араны суытпай, бұл жалған тірлікте араласып, сыйласып жүрген дұрыс деп ойлаймын.
Менің бауырларыма келер болсақ, біз үйде төрт ағайындымыз. Ең үлкен ағам 22 жаста – ол оқуын үздік бітіріп, қазіргі таңда қаржыгер болып жұмыс істейді, екі әпкем бар: үлкен әпкем 18 жаста – жоғарғы оқу орнының студенті және 13 жастағы әпкем мен үйдің кенжесі - мен мектепте оқимыз. Үйде сонымен қатар ата – әжеміз де бізбен тұрады. Бұл жағдай біздің тәртібіміз мен тәрбиемізге үлкен үлес қосады деп ойлаймын, себебі бұл орайда да халқымыздың «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген даналығы тура келеді. Атам мен әжем үнемі бізге жас кездерінде өздерінің бастан кешкен қиыншылықтарын айтып, бізді өнегелі, саналы ұрпақ болып өсуімізді қадағалап отырады. Сонымен қатар қашанда «Бауырмал болыңдар, бір – біріңе қамқор болыңдар» деп үйретіп отырады.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Менің бауырларым.

Мен өз отбасымды өте жақсы көремін!