«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр — тарих. «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсат — ұлыларды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету.
Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлдарының саны аз емес. Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер, батальондар құрылып, майданға аттанған болатын.
Қаһармандар қатарына Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигельдинов, Михаил Янко Егорович және 28-гвардиялы-панфиловшылар және тағы да көп ерлеріміз жатады. Қырғын соғыстың бел ортасында жүріп, қастарындағы жауынгерлерге күш-қайрат бере отырып өздерінің әңгіме, очерктерін, повесть, романдарын, өлеңдер жинағын жаза білген қаншама ақын, жазушыларымыз бар десеңші… Атап айтқанда Әзілхан Нұршайықов, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Аманжолов, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Баубек Бұлқышев, Жұмағали Сайн және т.б.
Міне, біздің қаншама ер азаматтарымыз, жауынгер, жазушыларымыз қан майданда тер төгіп, елімізді, жерімізді жаудан қорғап, сонымен қатар өздерінің шығармаларымен жауынгердің патриоттық сезімдерін оятып, тірек бола білген.
Answers & Comments
Ответ: